
«Өмір жолы» қорының атқарушы директоры Эрнар Нұрбеков кездесуде айтып өткендей, 30 сәуірге дейін елімізде тұрып жатқан барлық 5083 ардагерлері «Өмір жолы» жүйесіне қосылатын болады. Ал Қызылордада тұрып жатқан барлық 104 ардагер мобильді құрылғыны екі аптаның ішінде ала алады.
Ардагерлерге жедел түрде көмек көрсету үшін Еуразиялық Медиа Форумның еріктілерінің әрекетімен қажетті ақпараттар жиналды. Осы уақытқа дейін көмек орталығына 300-ден аса қоңырау түскен, онға жуық ардагерлердің өмірін сақтап қалған.
Айта кету керек, жобаның ұйымдастырушылары «ҚР ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Еуразиялық медиа форум» ұлттық қоры, «Өмір жолы» қоғамдық қоры, «Beeline» желі операторы және басқа серіктестер.
Шынар БЕКБАН
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!