Қария ма, шал ма?

58

0

«Қарты бар елдің қазынасы бар, Қызы бар елдің базынасы бар» деп тегіннен тегін айтылмаса керек-ті. Бір отбасының бәйтерегі болып, ұрпағына өнегесін айтып отыратын ақсақалдардың орны қашан да ерек. Тіпті, қариясыз үйді елестетудің өзі қиын. Ата тәрбиесін көріп, өсиет сөзін естіп, қасиетін бойына сіңірген бала түбінде жаман болмасы анық.
Осы қарт, қария, шал сөздері жалпы бір мағынаны білдіргенімен, әрқайсысының қолдану орны бар екен. Тіпті, ақсақал деп бастаған сөйлемімнің өзінде біресе ата деп, біресе ақсақал деп, оның бірнеше формасын айтып өттім. Біз мұның аражігін ажыратып жүрміз бе?
Бауыржан атамыздан әулие ешкім жоқ шығар. Расында, біз осы күндері қария мен ақсақалдың айырмашылығын білмей жүрген жайымыз бар. Бауыржан Момышұлы атамыз жасы үлкен қарттарды: – шал, – қария, – ақсақал – және абыз деп төртке бөлген.
Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, саяси өсек айтатын қарт – ШАЛ.
Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты – ҚАРИЯ деп, тұтас бір ауылдың жыртығын бүтіндеп, айдынын асырып отырған қартты – АҚСАҚАЛ деп, елдің дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты – АБЫЗ деп атаған екен.
BAQ.KZ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз