Арман Қуанышбаев Сыр елінде

158

0

Арман Қуанышбаев Сыр еліндеБүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде уағыз-насихатқа деген сұраныс, халықтың белгілі дінтанушылармен кездесуі артып келеді. Осы орайда, қасиетті Рамазан айында Сыр елінде белгілі дінтанушы, уағызшы, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев қонақта болды.
Ең алдымен Арман Қуанышбаев қалалық «Айтбай» мешітінде болып, «Жанұя құндылығы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Арман Қуанышбаевты тыңдауға келген жамағаттың қарасы өте көп, әрі мешітте ине шаншар орын болмады. Өз уағызында дінтанушы отбасындағы татулықтың маңыздылығын, отбасын сақтаудың алғышарттарын насихаттады.
Жалпы мұсылмандардың мешітке жиналып, уағыз-насихат тыңдауы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның ғұмыр кешкен бақытты ғасырынан бері тұрақты жолға қойылған игі дәстүр.
Одан бөлек А.Қуанышбаев орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде болып, жұма уағызын жүргізді.
Жұма уағызында Арман Қуанышбаев қазақ халқының мәдениетіндегі Ислам дінінің ролін жете түсіндіріп берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз