Қармақшы ауданында әлеуметтік нысандар ашылды

52

0

Қармақшы ауданында әлеуметтік нысандар ашылдыТөретам
кентінде 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Елбасының «Балапан»
бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салатанатында облыс
әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 – Болашағымыз саналатын бүлдіршіндердің
мектепке дейінгі білім алу мәселесі облыста оң шешімін тауып келеді. Елбасының
2020 жылға дейін балаларды толықтай балабақшамен қамту тапсырмасын біз келер
жылдың соңына дейін шешеміз,- деді облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова.
Жалпы,
балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Мұнда бүлдіршіндер үш тіліді үйреніп,
түрлі үйірмелерге қатысатын болады.
Сондай-ақ
Ақай ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Ауыл тұрғындарының ем алу
мәселесі күрделі боп келген. Енді алысқа бармай өздерінде денсаулықтарын
тексерте алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз