Қармақшы ауданында Құрбан айт күні 100 бас қой еті тегін үлестірілді

60

0

Қармақшы ауданында Құрбан айт күні 100 бас қой еті тегін үлестірілді Бүгін Жосалы кентіндегі
орталық мешітінен соң, Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Төретам
кенті мен Ақай ауылының тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасаөз қызметі хабарлады.

Төретам
кентіндегі «Жәрімбет ата» мешітінде сауапты да салауатты шара – «Құрбан
айт» мерекесі ұйымдастырылды. Мешітке жиналған қалың халық айт
намазына қатысты.

Намаздан соң мерекеге орай спорттың «Қазақ күресі»,
«Арқан тарту», «Гір тасын көтеру», ересектер арасында «Түйе палуан»,
«Қой көтеру» түрлерінен сайыстар өткізілді. Спорттық шараға 120 спортшы
қатысып, сайыс тартысты да қызықты өтті. Сайыс нәтижесімен жеңімпаз
болып табылған және жүлделі орындар алған спортышлар бағалы сыйлықтармен
мадақтама қағаздармен марапатталды. Сонымен қатар, балалардың ойнауына
арнайы батут құрылып, шараға келген 100-ге жуық бала батутқа тегін
ойнап, көңілдерін көтерді.

Елбасының «Бүгінгі ұлық мейрамда
құрбандық шалудың ең негізгі амалы – жетім-жесірлерге қол ұшын созу,
араздасқанды татуластыру, адамзатты бейбіт өмір сүруге шақыру сияқты
имандылық істермен астасып жатыр» деген ұлағатты сөзі бар. Бүгінгі
Құрбан айт мерекесі де елді бірлікке, мұқтаждарға көмек беруге,
сабырлылық пен шүкіршілікке шақырады.

Құрбан шалуға алдын-ала арнайы орын мешіт жанынан
белгіленген. Байқоңыр қалысының және Төретам кентінің тұрғындары Құрбан
шалу рәсімінде барлығы 100-ге жуық қой құрбан шалынды. Құрбандыққа
шалынған мал еттері Төретам кентіндегі және Байқоңыр қаласындағы
әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына үлестірілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз