Қармақшыда 9 мыңнан астам көшет отырғызылды

46

0

Қармақшыда 9 мыңнан астам көшет отырғызылдыҚармақшы ауданында көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығының жарияланғанына да бір айдан астам уақыт болды. 
Осы уақыт аралығында аудан тұрғындарының қатысуымен туған жерді көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудан және барлық елді мекендер орталықтары қыс бойы жиналған қоқыстардан тазартылып, көшелер ретке келтірілуде. Арықтар аршылып, тұрғын үйлер мен талдар әрленуде. Өңірімізде тазалық жұмыстары басталғалы бері 9117 түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылса, 54,4 шақырым жаңадан аяқ су арықтары тазартылды. Сонымен қатар, 1342 текше метр күл-қоқыс арнаулы орындарға шығарылып, 4042 метр тұрғын үйлер мен мекеме алдындағы темір және ағаш шарбақтар балақтанды. 8885 ағаш және 2225 тұрғын үй әктелді. Осы уақытқа дейінгі атқарылған сенбілік жұмыстарына 4417 адам қатысып, 51 түрлі техника тартылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз