Қармақшыда қазақ күресінен облыс біріншілігі өтті

48

0

Қармақшыда қазақ күресінен облыс біріншілігі өттіҚармақшы ауданы, Жосалы кентінде
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ұранымен балалар-жасөспірімдер спорт
мектептерінің 2000-2001 жылдары туылған оқушылар арасында қазақ күресінен облыс біріншілігі өтті. Жарысқа Қызылорда
қаласы мен аудандардан 15 команда,
100-ден аса боз кілем шеберлері қатысты.

Екі күнге созылған
жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Шиелі ауданы иеленсе,
екінші орынды Қармақшы, үшінші орынды Түгіскен елді мекенінің спорт мектептері
еншіледі.

Жекелей есеп бойынша жеңімпаз
атанған спортшылар:

38 келі: Бағдат Телғараев (Қызылорда қ.), 42 келі:
Дәулет Тұрғанов (Қармақшы -1), 46 келі: Ержан Амандық (Мәдениет ауылы), 50
келі: Ерасыл Зейнуллаев (Қармақшы -1),
55 келі: Мұхамедхан Сағындық (Түгіскен ауылы), 60 келі: Ердәулет Темірбаев
(Шиелі ауд.), 66 келі: Өмірзақ Рахметов (Шиелі ауд.), 73 келі: Дәулет
Хабибуллаев (Сырдария ауд.), +73 келі: Елжан Ерімбетов (Шиелі ауд.).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз