
Биыл ХІV рет ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен 21 командадан 200-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс нәтижесінде қызылордалық М.Шамшадин, Н.Тілеуберген, Н.Иса, С.Өмірзақ, Б.Тілеулесов, М.Сейітхан, Е.Бекайдар, Қ.Тілеулес, Н.Серәлілер облыс мерейін үстем етіп жүлделі І-ІІ орындарды жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом медальдары мен демеушілердің бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!