Қармақшыда егінге орақ түсті

67

0

Қармақшыда егінге орақ түстіҚармақшыда егінге орақ түсті. Оған қатысқан аудан әкімі С.Мақашов еңбек
ардагерлерімен бірге алғашқы орақ лентасын қиды, – деп хабарлады аудан
әкімінің баспасөз қызметінен.
    Биыл шаруашылық құрылымдары 21,8 мың га жерге ауыл шаруашылығы
дақылдарын екті. Оның ішінде негізгі күріш дақылы 14025 га болып, жаздық
бидай 230 га, мақсары 845 га, ескі жоңышқа – 3372 га,  жаңа жоңышқа –
1909 га, картоп–556 га, көкөніс–303 га,  бақша – 474 га болды.
    Сонымен бірге егін орағында астық жинауға 97 комбайн мен 75 жатка,
151 трактор, 62 автокөлік, 139 трактор тіркемесі дайындық сабына
қойылған.
    Қыркүйек айында егін ору науқанын толық аяқтап шығуға мүмкіндік бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз