
ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
Өткен жылы құрылысы басталған емхана уақтылы әрі сапалы түрде
аяқталды. Заман талабына сай жабдықталған аудандық емхана тұрғындардың
денсаулығын жақсартатын болады.
– Басты байлық саналатын денсаулықты нығайтудағы жұмыстар
жалғасуда. Дәрігерлер үшін жұмыс жасауға емханада барлық жағдай
жасалған. Ақхалаттылардың міндеті әрбір тұрғынға жылы қабақ танытып,
сапалы қызмет көрсетулеріңіз керек. Қуаныштарыңыз құтты болсын, – деді
облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жалпы, емханада медициналық технологияның барлығы соңғы үлгіде.
Енді тұрғындар толық тексеруден өту үшін облыс орталығына қатынамайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!