Қармақшыда кәсіпкерлік қарқынды дамуда

69

0

Қармақшыда кәсіпкерлік қарқынды дамудаҚармақшы ауданында өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов аудандық филиалдың 9 айдағы есебін тыңдады.
Филиал директоры Жамбыл Жұмабаевтың айтуынша, жыл басынан бастап, өңірлік инвестициялық орталықтың қолдауымен, жалпы сомасы 94,8 млн теңгені құрайтын 12 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 47 жаңа жұмыс орны құрылды. 18 жобаға 130,18 млн теңге көлемінде арзан несие беріліп, тағы 43 жұмыс орны ашылды. Жалпы сомасы 41 млн теңгені құрайтын тағы 5 жоба қаралуда. 
– Биыл 9 айда 5 жоба бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгені құрайтын несие берілді. Нәтижесінде, 61 жаңа жұмыс орны құрылды, – деп мәлімдеді филиал директоры.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттарды беру жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 2015 жылы жобаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында 1 жобаға 1 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Ал, биыл 8 жобаны жүзеге асыру мақсатында, 5,8 млн теңге қаржы бөлді.
«Даму» бағдарламасы аясында «БанкЦентрКредит» АҚ-ның қызылордалық филиалы арқылы жеке кәсіпкер Серік Ниязбаевтың жалпы құны 10 млн теңгені құрайтын «Балаларға арналған дамыту орталығын кеңейту» жобасы қаржыландырылған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Клара Жиенбаеваның, жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге тең «Дүкен айналымы құралдарын толықтыру» жобасына да қаржы бөлінген.
Қармақшы ауданы филиалының директоры есеп беру барысында, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын елімізде жүзеге асырылып келе жатқан әлеуметтік-маңызды мемлекеттік бағдарламалардың бірі деп атады. «Жыл сайын аталған бағдарламаны іске асыру үшін, қыруар қаржы бөлініп келеді. Осының арқасында, ауылдың жұмыссыз тұрғындары  өз бизнестерін ашу үшін микронесиелер алып жатыр. Жыл басынан бері бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауданның 139 тұрғыны жалпы сомасы 330,1 млн теңгені құрайтын несие алды. Нәтижесінде, 174 адам жұмыспен қамтылды. Қызығушылық танытқан тұлғалар үшін кәсіпкерлік негіздері бойынша курстар өткізіліп келеді», – деді Жамбыл Жұмабаев.
Мысалы, 50 млн теңге грант ұтып алған «БадиНур» несие серіктестігі «ІІІ Интернационал» ауылында 100 орындық балабақша салған. Жоба «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында да жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемесінде  27 ауыл тұрғыны жұмыс істейді.
Биылғы жылдың алғашқы жартысында, кәсіптік техникалық білім беруді дамыту және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, мектеп оқушыларының кәсіп таңдауына атсалысу, оларды кәсіпкерлік белсенділікке ынталандыру және кәсіпкерлік сауатын арттыру мақсатында Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы ашық есік күндері мен дөңгелек үстелдер өткізген. Сонымен қатар, 20 кәсіпкерлік субъектісіне сервистік қолдау көрсету бағдарламасы аясында көмек көрсетілген.
Биыл кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығы 136 адамға сертификат табыстаған. Олардың ішінде 40 сертификат иесі – бизнесін енді ашып жатқан кәсіпкерлер.
Қызылорда облысының 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз