Қармақшыда лимон өсіріледі

56

0

Өткен жылы қармақшылық кәсіпкер А.Ешмұратова жылыжайдың құрылысын бастаған болатын. Аталған кәсіпкер 1600 шаршы метрге «Микробизнес Кызылорда» бағдарламасының шеңберінде Өңірлік Инвестициялық Орталығы арқылы 10,0 млн теңге несие алып, құрылысын ақтады.
Аудандағы белсенді азаматша өзінің іскерлігі арқасында 3500 түп қызанақ пен 1500 түп қияр еккен. Білікті агронмандардың көмегімен жасалған жұмыс өз нәтижесін беруде. Егілген өнім алдағы 20-25 күнде дайын болмақ. Алдағы уақытта кәсіпкерлік нысанының аумағын кеңейту көзделуде. Соған сәйкес тағыда бірнеше жылыжай көзделуде. Құрылыс аяқталса, ол жерге лимон өсіру көзделуде. Оған бар мүмкіндік бар. Тіпті аталған цитрусты өсімдіктің Қармақшы жеріне жерсіндіруде қиынға соқпаған. егіліп, жиналуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз