Қармақшыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетілуде

37

0

Қармақшыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетілуде Қармақшы. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз
ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған Жол
картасына және мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқ
ылы Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша мүмкіндігі
шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуде.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қармақшы ауданы бойынша қазіргі таңда барлығы – 1134 мүгедек
бар. Оның ішінде: І – ІІ топтағы мүгедектер саны – 504, ІІІ-топтағы мүгедектер
саны – 489 және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 141.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік
қызмет көрсету секторында есепте тұратын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін
арнайы ойын кабинеті ашылған. Бұл кабинетке әлеуметтік қызметкерлер балаларды
бекітілген кесте бойынша кезекпен әкеліп, түрлі жаттығулар жасатып, баланың
ой-өрісінің дамуына жағдай жасауда.
 
2013 жылы «Жосалы Игілік» корпоративтік қоры арқылы
14 мүмкіндігі шектеулі балаға емделу үшін 470,0 мың теңге, 24 тұрмысы төмен
отбасына 2,5 тоннадан отын алу үшін 570,0 мың теңге және 14 отбасына
азық-түліктей көмектер көрсетілді.
 
Аудан әкімдігінің «Жұмыс орындарына квота белгілеу
туралы» 10 маусым 2013 жылғы №140 қаулысымен жұмыс орындарының жалпы санының үш
пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленді және осы
қаулы аясында аудан бойынша 5 мүгедек жұмыспен қамтылды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз