Қармақшыда мұнай зауыты салынбақ

40

0

Қармақшы ауданының Жосалы кентінен жылына 100 тонна мұнай өнімдерін
өндіретін зауыт салынбақ. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Мақашов жылдық
қорытынды есебінде мәлімдеді, – деп жазады облыстық «Сыр бойы» газеті.
    Сондай-ақ биыл ауданға көгілдір отын жеткізу жұмыстары басталады.
Төребай би, Ақтөбе және Тұрмағамбет ауылдық округтерінде құс өсіру,
Қармақшы ауылында қой шаруашылығын өркендету жұмыстары іске асырылады.
    Жиын барысында Сұлтан Мақашов ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы мақсаттарға кеңінен тоқталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз