Қармақшыда қолжетімді тұрғын үйлер салынуда

44

0

Қармақшыда қолжетімді тұрғын үйлер салынуда«Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда Қармақшы ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Аудан орталығы – Жосалы кентінде бүгінде әрбір отбасы үшін қолайлы баспаналар бой көтеріп келеді. Бұл үйлер кенттің сәулеттік келбетіне де әр бермек.  
Аудан орталығындағы «Мөлтек» ықшам ауданында өткен жылы екі тұрғын үй пайдалануға берілсе, қазіргі таңда тоғыз тұрғын үй құрылысы салынуда. Жақын арада тағы да үш үйдің құрылысы басталмақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз