Қармақшыда самбодан халықаралық турнир өтіп жатыр

45

0

Қармақшыда самбодан халықаралық турнир өтіп жатырҰлы Жеңіс күніне орай Қызылорда облысы Қармақшы
ауданында  Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан
ХХI халықаралық мемориал өтуде.
    
Бұл турнирдің жалауы осымен 21-ші мәрте
желбіреп отыр. Халықаралық мемориалға Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан мен
Қырғызстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысуда.
    – Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған Кеңес
Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық
мемориалдың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Жыл сайын
ұйымдастырылатын бұл турнир халықаралық дәрежеге жетіп, елімізде самбо
күресінің дамуына септігін тигізіп отыр. Елбасы «Отан үшін от кешкен
майдангерлердің көрсеткен ерлігін, қаҺармандық өнегесін жас ұрпақ
бойында қалыптастыру ең асыл мақсатқа айналуы тиіс», – деген еді.
Баршаңызды тағы да Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, балуандардың
бағы мен бабы қатар шауып, шын мықтылардың жеңіс тұғырынан көрінуіне
тілектеспін, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
    Турнирдің ашылу салтанатына батырдың ұрпақтары да қатысып, Тәйімбет
Көмекбаев туралы естеліктер айтты. Сонымен қатар, спортшылардың
құрметіне белгілі эстрада әншілері өнер көрсетіп, қонақтарға мерекелік
көңіл-күй сыйлады.
    Айта кетейік, турнир соңында қазақ күресінен «Түйе палуан» сайысы өткізіледі. Бас жүлде 10 мың АҚШ  доллары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз