Қармақшыда жаңа мектептің құрылысы басталды

101

0

Қармақшыда жаңа мектептің құрылысы басталдыЕлбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінде Қазақстанның әр аймағы дамудың даңғыл жолына түсті. Бұл әсіресе аудандар мен шалғайдағы ауылдардың көтерілген әлеуетінен айқын аңғарылуда.
Мұндай қамқорлықтан Қармақшы ауданы да қалыс қалып жатқан жоқ. Өткен жылы барлық инженерлік инфрақұрылымдары тартылып, пайдалануға берілген «Тәуелсіздік» мөлтек ауданында бүгін 300 орындық Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектептің ірге тасы қаланды. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі С.Мақашов білім саласына көрсетіліп жатқан қолдауларды және ауданда атқарылып жатқан игі істер жөнінде айта келе, мектеп құрылысының жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдаулетов пен ауданның «Құрметті азаматы» О.Сариев сөз алып, бүгінгі қуанышпен жиналған жұртшылықты құттықтап баталарын берді.
Жалпы құны 789,932 млн. теңгені құрайтын нысанның құрылысына тапсырыс беруші облысытық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Құрылысын салатын бас мердігер «Аман Құрылыс» ЖСШ-і. Жоба бойынша 300 орындық ғимаратта оқу бөлмелері, мәжіліс залы, асхана, спорт залы, шеберханалар, зертханалар, медпункт, жабдықталған компьютер класстары, оқу залы бар кітапхана болады.
Айта кетейік, Ү.К.Томанов атындғы №183 орта мектептің ірге тасы 1966 жылы қаланған. Білім ошағында 57 педагог 352 оқушыға дәріс береді. Ұзақ жылдар бойы уақыт талабына сай келмейтін ескі ғимаратта білім берудің қиындығын бастан кешірген мұғалімдер, енді жаңа мектепте, жаңа жағдайда өз жұмыстарын бастайтын болады. Қармақшыда жаңа мектептің құрылысы басталды
Қармақшыда жаңа мектептің құрылысы басталды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз