Қармақшыда жас ақындар мүшәйрасы өтті

39

0

Қармақшыда жас ақындар мүшәйрасы өтті«Жастар ресурстық орталығы» КММ-ің Қармақшы аудандық бөлімінің
қолдауымен Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы
шеңберінде «Қорқыт елі -Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің
ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, Жосалы
кенті әкімшілігінің мәжіліс залында «Қазақ елі – мәңгілік ел» атты
аудандық жас ақындар мүшәйрасы болып өтті.
    Мүшәйрада ауылдық округтерден, Төретам кенті және Жосалы кентінен
келген жас ақындар бақ сынады. Жастар арасында өткен жас ақындар
мүшәйрасында өздерінің өлеңге деген құштарлықтарын, өз шығармашылығы мен
керемет жеткізе білген жастар бірінен – бірі қалыспай, өте жоғарғы
деңгейдегі белсенділікпен қатысты.
    Қорытындылай келе әділ қазылар алқасының шешімі бойынша I-орынды
Дауылкөл ауылдық округінен келген жас ақын Г.Айшықова, II-орын Дауылкөл
ауылдық округінен келген жас ақын Ұ.Мінуаров пен Ақай ауылдық округінен
келген Л.Есмамбетова, III-орын Төретам кентінен келген А.Сағындық және
Ақтөбе ауылдық округінен келген А.Жайшылық есімді жастар иеленді және
«Жампоз ақын» номинациясы мен Т.Бекмырзаев есімді жас тілшіміз
марапатталды.
    Мүшәйраға қатысқан қалған қатысушылар да назардан тыс қалмай,
«Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ынталандыру
сыйлықтарымен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз