Қармақшыда жазба ақындар мүшәйрасы өтті

105

0

Қармақшыда жазба ақындар мүшәйрасы өттіҚорқыттай ұзан – абыздың күйіне күмбірлете үн қосқан, Сырдың  даңқын жырмен шығарған қасиетті Қармақшы елінде Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 135 жылдық мерейтойы аясында облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Аудан әкімінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен өткен мүшәйрада аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов, аудандық мәслихат хатшысы М.Наятұлы сөз сөйлеп, талапкерлерге сәттілік тіледі.
Қарт Қаратаудан бастап айдынды Арал өңірі аралығында туған, танымал 14 ақынға Тұрмағамбеттанушы Ерхан Кәрібозов, айтыскер ақын Серік Ыдырысов, ақын-ұстаз Зарипа Тасымова, ақын Сәкен Алдашбаев және айтыскер ақын Марат Сүгірбай қазылық етті.
Отты жыллармен сусындаған көрермендер ыстық ықыластарын білдірді. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде қызылордалық Биболат Сәтжанға, І орын Тұрмағамбет ауылындағы №29 мектептің оқушысы Смайыл Бекқанатқа, ІІ-ІІІ орын қызылордалық Бекжан Ержігіт пен Ерасыл Бәйментаевқа бұйырды. Сондай-ақ, шайыр «Омар Шораяқұлы» атындағы арнайы жүлдені Ұлықбек Тәңірбергенов иеленсе, «Әлиакбар Жұматайұлы» атындағы арнайы жүлдені Жақыпова Сәния қанжығасына байлады. Барлық қатысушыларға «Алғыс хаттар» мен бағалы сый-сияпаттар табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз