Қармақшыда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 81 жоба қаржыландырылды

60

0

Қармақшыда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 81 жоба қаржыландырылды Қармақшы ауданында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған
бағдарламаларды насихаттау және бизнес-жобаларды іске асыру барысында
кеңес беру, жобаны жүзеге жүзеге асыру жұмыстары жүйелі түрде
жүргізілуде.
Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 81 жобаға 164,5 млн. теңге қаралған.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 6 жоба бойынша 110,4
млн. теңге несиелендірілді. Бұл жобалар бойынша 23 адам жұмыспен
қамтылып, жобалар толық іске қосылғанда қосымша 29 адам жұмыспен
қамтылады.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нің несиелендіру
комиссиясының қолдауын тапқан құны 57,8 млн теңге болатын 8 жоба
қаржыландырылды.
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 9 жоба 31,1 млн. теңгеге бөлді.
«Ақниет – әлеуметтік серіктестік бағдарламасы» бойынша 2015 жылы
Қармақшы ауданынан 33 жоба 12,0 млн. теңгенің грантын жеңіп алды.
Қармақшы ауданы Жосалы кентінен №1 индустриалды аймақ құру мақсатында
15,0 га жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылымдарының (автожол,
электроснабжение, водоснабжение) жұмыстарына облыстық бюджеттен 112,0
млн теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.
Қазіргі уақытта, индустриалды аймақтың 2 гектар жеріне жылыжай
кешендерін орналастыру, 1 гектар жерге қабырға блоктарын өндіру, 1
гектар жерге бетон бұйымдарын өндіруге бағытталған жоба жетекшілерімен
алдын-ала келіссөздер жүргізілген. Бұл бағдарламалар бойынша жұмыстар
жүргізіле береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз