Қармақшыдағы бұрынғы әуежай қонақ үйге айналады

42

0

Қармақшыдағы бұрынғы әуежай қонақ үйге айналадыҚармақшы. Аудан орталығы – Жосалы кентінің терістік бетінде орын тепкен бұрынғы әуежай ғимаратын былтыр кәсіпкер Аппаз Қанатбаев ағамыз иелігіне алып, өткен күзде жөндеуден өткізді. 
Онда болашақ мейрамхана, қонақ үй сияқты халыққа қызмет көрсетуге арналған орындар орналасады.
Әуежайдың қармақшылықтар үшін тарихи құндылығы ерекше. Өткен ғасырдың 60 жылдарының бас жағында оның атағы дүркіреп тұрды. Үш қабатты әуежайдың алдындағы ұзындығы екі шақырымнан асатын, ені бір шақырымға жуық қиыршық тасты алап ірі әуе лайнерлерінің салмағына шыдайтын болғандықтан ешқандай асфальт төселмей-ақ ұшақтар қона беретін. Кезінде Одақ көлеміндегі үлкен басшылар қонды. Солардың ішінде КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы А.Н. Косыгин де бар. Аталмыш орында 80-ші жылдардың аяғына дейін 12 орындық АН-2 ұшағы қонып, алыс ауылдарға күніне 2 рейс қатынап тұрды. 90 жылдардан кейін еге табылмай, тозығы жетіп тұрған ғимараттың кірпіштері қолды болды. Енді тарихи орын көзден таса қалмайтын болды. 
 

Қармақшыдағы бұрынғы әуежай қонақ үйге айналады

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз