Қармақшылық ардагерлер мен жастар балық аулаудан жарысты

62

0

Қармақшылық ардагерлер мен жастар балық аулаудан жарыстыҚармақшы ауданында «Иіркөл» көлінің жағалауында 1 қазан – Халықаралық
қарттар күніне орай ардагерлер мен жастар арасында балық аулаудан жарыс
өтті.
    Жарыс ережесі қарапайым – кімнің аулаған балығы көп болса, сол
жеңімпаз. Берілген уақыт 3 сағат. Жарыстың мақсаты дене мәдениеті мен
спортты, салаутты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін
анықтау.  
    Қатысушылар қармақтарын салған бойда «балық ілінді» деген қуанышты дауыстар естілді.  
    Аудан әкімі Сұлтан Мақашов: «Сіздер зейнет жасында болсаңыздар да
қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып
келесіздер. Ұлт болып ынтымақтасуды, отанды сүюді, бірлік пен
бауырмалдық сынды құнды қасиеттерді біз Сіздерден үйрендік. Сол үшін де
Сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, тағзым етеміз. Тәуелсіз еліміздің
жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде Сіздер әлі де бізге жол
көрсетіп, аталық ақыл-кеңестеріңізді береді деген сенімдемін» – деп
ардагерлерді қарттар күні мерекесімен құттықтап, марапаттар табыстап,
сый-сияпат жасады.
    Жарыс қорытындысымен зейнеткер Әбраман Тұрғанов І орын иеленді. Ол,
3 сағаттың ішінде оннан аса балық аулап үлгерген. ІІ орынды зейнеткер
Болат Әбжәлиев жеңіп алса, ІІІ орынды жастардан Нұрлыбек Ешманов
иеленді.
    Мұнан өзге жарыста «Ең салмағы ауыр» балық аулаған жастардан
Ғалымжан Искаков, «Дәмді сорпа» дайындағаны үшін зейнеткер Жүніс
Жаркеткенов және арнайы жүлде «Балық аулауға ықыласы» номенациясымен
зейнеткер Жақан Тоқтаров марапатталды.
    Бұл шараның өткеніне дән риза болған ардагерлер ақ баталарын берсе,
жастар алдағы уақытта бұл шараның жалғасын тапса деген ұсыныстарын
айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз