Қармақшылық өрендер Қарағандыға аттанады

37

0

Қармақшылық өрендер Қарағандыға аттанадыҚармақшы аудандық орталық стадионында футболдан 2001-2002 жылдары өмірге келген өрендер арасында жылдағы дәстүрмен республикалық «Coco-cola- Былғары доп» додасының үшінші кезеңі бойынша облыстық жарыс өткізілді.
Жарысқа облысымыздың барлық аймақтары мен Қызылорда қаласы құрама командалары қатысты. Екі топқа бөлініп, өз топтары бойынша жеңіске жеткен командалар ағымдағы жылдың маусым айының 10-18 күндері Қарағанды қаласында өткізілетін республикалық «Coco-cola-Былғары доп» жарысына қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы сарапқа салды.
«Төрт күнге созылған қызықты да тартысты сәттерге толы өткен сайыстың ақтық ойынында қармақшылықтар екінші топ бойынша үздік атанған Қазалы ауданының құрама командасымен кездесіп, оларды да 1:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, жарыста ІІІ орын үшін Қызылорда қаласы мен Арал ауданы құрама командалары арасында өткізілген ойында қызылордалық өрендер 5:4 есебімен қарсыластарын жеңді. Енді жарыс жеңімпазы жерлестеріміз жоғарыда айтқандай маусым айында Қарағанды қаласында өткізілетін республикалық жарысқа қатысып, Сыр бойы елінің намысын қорғайды» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз