Қармақшылықтар халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанды

54

0

Қармақшылықтар халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттандыБүгін аудан орталығындағы «Достық» автовокзалынан Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы өткізіліп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін тамашалауға ауданымыздың 50 тұрғыны, оның ішінде кәсіпкерлік, мәдениет, спорт, білім және денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік қызметкерлер аттанды. Шығарып салу салтанатына қатысқан Жосалы кентінің әкімі А.Мереков көрменің маңыздылығына тоқталып, жолаушыларға сәт сапар, ақ жол тіледі.    
Айта кетейік, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне тұрғындардың барып-келуін қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы ауданы әкімдігі және «ТрансТурСервис-Қызылорда» ЖШС-гі арасында автобус арқылы тасымалдау туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес «ТрансТурСервис-Қызылорда» ЖШС-гі аудан тұрғындарын Астана қаласына тасымалдауын ұйымдастыру үшін 50 орындық 4 автобус шығаруды, олардың көрме жұмысы уақытында тұрақты жүруін қамтамасыз ету міндеттелген. 
Бүгінгі күнге дейін ауданда «ЭКСПО-2017» көрмесіне 3065 билет сатып алынған. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз