
Осы орайда «Жас ұлан» ұйымы мүшелерімен «Таза аула» тазалық акциясы өткізілді. Аралдық ұландықтар «Жедел көмек» тобын құрып, мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты қарттардың үйлеріне, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ұйым мүшелері орталық мешітке барып ішін және ауласын тазалап, мешіт ақсақалдарының батасын алды.