Қарттарым- асыл қазынам

156

0

Қарттарым- асыл қазынамҚызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесі мен  Қызылорда  Еңбек мекемесі басшылығының ұйымдастыруымен  «Қазақстан Полиция күнінің 25 жылдық» мерекесіне орай 09.06.2017жылы «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Қарттарым- асыл қазынам»  атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік шарада сөз алған Қызылорда облысы  Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті арнайы есеп бөлімінің бас маманы әділет подполковнигі Баймурзаева Сауле  Сисенқызы мен Еңбек Қызылорда филиалының директоры Төребеков  Ермахан Құрбанбекұлы  қазыналы қарттарымызға деген құрметтің сақталуы жолында жасалып жатқан осындай игі шаралардың  жыл сайынғы дәстүрге айналуының өзі  жастарымыздың бойында адами құндылықтардың қалыптасуына ықпал етіп, қарттарымызды қадірлеп, құрметтеуді естен шығармауға шақыратындығын атап өтті. Сондай-ақ, Қызылорда облысы  Қылмыстық- атқару жүйесі  департаменті ЗК-169/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі  Қалымбетов Тасболат  Шәкенұлы №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Карибаева Лариса Тынысқызын мекеме атынан алғыс хатпен марапаттап, бағалы  сыйлықтарды табыс етті. Әсем ән мен биден шашу шашып, киелі домбырадан күй төккен мекеме қызметкерлерінің  өнерінен ерекше әсер алған қарттарымыз жоғары дәрежеде өткізілген мерекелік кешке шексіз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
 
ЗК-169/5 мекемесінің мемлекеттік тілде іс жүргізушісі А.Бакирова
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз