Қаруды ұстау, сақтау тәртібін бұзғаны үшін жазаланды

53

0

Қаруды ұстау, сақтау тәртібін бұзғаны үшін жазаландыЖалағаш ауданының тұрғыны атуға жарамды аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз танысына берген.

Ол №Я01037 санымен тіркеуде тұрған ИЖ маркалы 12 калибрлі мылтығы. Яғни, бұл Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 368 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық.

Оған Жалағаш аудандық сотымен ҚР ӘҚБК – нің 368 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот қаулысымен мылтық иесі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 368 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, қаруы тәркіленіп, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сот шығыны және сот-сараптамасын жүргізуге жұмсалған шығын 7772 теңге айыпталушыдан мемлекет пайдасына өндіруге қаулы қабылданды. Осы баппен қаруды иемденген азамтқа қаруды заңсыз алып жүргені үшін әкімшілік жаза қолданылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз