Қарғын су қалдықтары тазартылды

37

0

Қарғын су қалдықтары тазартылдыЖаңақорған. Ауданда елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізуге мән беріліп отыр. Осыған сәйкес Жаңақорған кент әкімдігімен арнайы іс- шара жоспары әзірленген. 
Кенттің 58 көшесіне әр сенбі сайын сенбілікке қатысуға меншік нысанына қарамастан мекеме, кәсіпорындар, ұйымдар тартылып, кент әкімі аппаратынан жауапты мамандар бекітілген. Бүгінге дейін бірнеше сенбілік өткізіліп, 48 мекеме, оған  көптеген кәсіпорындар қатысты. Сенбілікке қатысушылар өздеріне бекітілген көшелер бойын күл-қоқыстардан, қалдықтардан тазартты. Сенбілік барысында күл- қоқыс шығаратын 2 дана арнайы автокөлік, ГАЗ-53 автокөлігі, грейдер, погрузчик, трактор қолданылды. Сонымен қатар, қарғын су алған Ипподром шағын ауданы қарғын су кезінде жайылған қалдықтардан толық тазартылды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз