Қарындасына былапыт сөз айтқаны үшін қамауға алынды

39

0

Қарындасына былапыт сөз айтқаны үшін қамауға алындыЖалағашта қарындасына былапыт сөз айтып, ар-намысына тиген азамат қамауға алынды, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі. 
Сотта ағасы У. тамақ дайындамағаны үшін өз қарындасына былапыт сөйлеп, қорлап тиіскенін мойындайды, сол үшін жеңіл жаза тағайындауды өтінді.
Сотта жәбірленуші Ө. ағасының үйіне келіп айқай-шу шығарып, жаман сөздермен балағаттағанын, бұндай жағдай бірнеше рет қайталанғанын, одан қорқатынын, мінезі жаман екенін, ағасын кешірмейтінін көрсетіп қамауға алуды сұрады.
Жалағаш аудандық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, оны кінәлі деп танып, 3 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз