Ғарышкерлер ХҒС бортынан ҰҚК қызметкерлерін құттықтады

54

0

Ғарышкер Федор Юрчихин мен Олег Новицкий ХҒС бортынан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін ведомствоның құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтады. 

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы мен жеке құрамын ведомствоның құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймыз. Сіздердің сан жылғы тәжірибелеріңіз бен қол жеткізген жоғары кәсіби шеберліктеріңіз бұдан кейін де Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қоса берсін. Бүгін сіздердің құрметтеріңізге біз аса зор құрметпен ғарыш орбитасына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалаушасын көтереміз», – деп мәлімдеді ХҒС-51 экипажының ғарышкерлері өздерінің видеоқұттықауында.

«Құрметті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, қызметте табыс тілейміз! Ел аман, жұрт тыныш болсын!», – дейді қос ғарышкер.

Еске сала кетейік, 1992 жылы шілденің 13-і күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз