ҒАРЫШТАН ЖЕТКЕН СӘЛЕМ

67

0

ҒАРЫШТАН ЖЕТКЕН СӘЛЕМОсыдан сәл ғана уақыт бұрын дәл қазір зеңгір көкті
шарлап жүрген қазақ ғарышкері өзінің Твиттер парақшасында Кас­пий теңізінің
ғарыштан түсірілген суретін жариялаған еді. Жалпы халықаралық ғарыш стансасында
Айдын айналысатын ғылыми сынақ жұмыстары қатарында ғарыштық мониторинг пен
биотехнология жә­не биомедицина, физикалық сынамалар, еліміздегі экология
жағдайы тұр.

Енді ғарышкеріміз осы сынақ аясында орындалатын
«Дастарқан-6» ғылыми тәжірибесін жүзеге асырып жатқандығын жеткізіп отыр. Ол
әлеуметтік желіге бұл туралы: «Дастарқан-6» экспериментін орындауға кірістім.
Бірінші тағам – сублимация түріндегі қазақша ет. (…) Салмақсыз күйде
тамақтанған үйреншікті емес. Ет дәмді, бірақ кебіңкі. Сорпа жетіспейді (…).
«Дастарқан-6» экспериментін жалғастырып жатырмын. Таңғы асқа – сорпа мен құрғақ
сүзбе», деп жазды. Айдынның бұл жазба­лары ғарыштан қазақ тілінде жеткен тұңғыш
хабарлама екендігін айта кетейік.

«Союз-ФГ» зымырантасығышы биылғы 2 қыркүйек күні
Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа жол
тартқан болатын. Оның экипажында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов,
ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавы Андреас
Могенсен бар. «Союз ТМА-18М» кемесі 4 қыркүйекте Халықаралық ғарыш станасымен
түйісті. Бүгін Андреас Могансен мен Айдын Айымбетов планетамызға қарай бет түзейді.

Е.ӘБДІР.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз