Арықтамаған полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды

43

0

Арықтамаған полиция қызметкерлері жұмыстан босатылдыТәжікстанда Ішкі істер министрлігінің бұйрығы бойынша артық салмақтан арылмаған полиция қызметкерлері жұмысынан босатылды, – деп жазады «Жас қазақ.кз» сайты.
Нақтырақ айтқанда жүздеген құқық қорғаушыға арықтау керектігі жөнінде ескерту беріліп, он шақтысы жұмысынан қуылған. Себебі олардың дене параметрлері жас = бой = салмақ стандартына сәйкес келмеген.
Ішкі істер министрлігінің бұл бұйрығы қаңтарда берілген болатын. Бүгінгі шаралар соның нәтижесі. Ол кезде ведомство басшылары «Полиция қызметкері артық салмақ қосқанда жұмыс қабілеті нашарлайды. Біздің қызметкерлеріміздің салмағы халықаралық стандартқа сай келуі керек» деген еді.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша қызметкерлер салмағын қалыпты нормада ұстап отыру үшін аптасына үш мәрте 5 шақырымға жүгіріп, жаттығулар жасайды екен. Бұл шаралар көптеген қызметкерлердің 5-20 кг салмақ тастауына көмектесіпті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз