ҚАРЫЗ ЖАРТЫ МИЛЛИАРДҚА ЖЕТТІ

42

0

ҚАРЫЗ ЖАРТЫ МИЛЛИАРДҚА ЖЕТТІКөпқабатты үйлерді тұртатын қызылордалықтардың пайдаланған жылуларына
төлемеген қарыздары жарты миллиардтан асқан. 564 миллион теңге аз ба,
көп пе? Жылу берушілер амалсыздан соңғы шараларға баруда, деп жазады
«қоғам.тв» арнасы.
    Жылу беру маусымының аяқталғанына қарамастан жылу берушілер
көктем-жаз айларында қарбалас тірліктеріне кіріседі. Олар бұл кезде
пәтер жағалап қыстай берген жылуларының ақшасын жинайды. Бір ғана
«Ақмешіт» мөлтек ауданындағы 21 үйдің берешегі бір миллионды құрап отыр.
Ондағы 18 пәтер иелері үш-төрт жылдан бері жылуға төлемеген. Қарызы
барлар есігін ашпауға да машықтанып алған. Бір пәтердің бермей отырғаны
100 мың теңге. Сонымен қатар сауда нүктелерінің де берешегі жетерлік.
Амал жоқ жылуын беріп алып, ақысын ала алмай жүргендер есік қағудан
шаршамайды. Егер алашақтары уақытылы төленгенде олар өз қазандықтарын
келер қысқа дайындап тиісті жұмыстарымен айналысар еді. Қайтарылған
қарыздар да қажетті жеріне жұмсалар еді. Пәтер жағалап жүргендерді ең
басты мақсаты бу қазандықтарын келер қысқа уақытында дайындау. Егер
есептерінде қаржылары болмаса келер қыс қатал болады. Сондықтан
«Қызылорда жылу электр орталығына» берешегіңіз болса тезірек төлеңіз.
Келер қыста сізбен бірге жазығы жоқ басқалар жаурап шыққанша.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз