Қарызды қандай адамдар көбірек алатыны белгілі болды

61

0

Қарызды қандай адамдар көбірек алатыны белгілі болды Некедегі қазақстандықтар басқаларына қарағанда онлайн-қарыздарға жиі жүгінеді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Робот Займер» аналитикалық орталығының жүргізген зерттеуіне сәйкес отбасылы адамдар бойдақтарға қарағанда қарыздарды 7,7%-ға жиі рәсімдейтіні белгілі болған.
2016 жылдың қаңтарынан бастап 2017 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде отбасылық жағдайын көрсеткен қарыз алушылардың 37 383 сауалнамаларына талдау жасалды. 2017 жылдың деректері бойынша клиенттердің 51,4%-ы – ресми некедегі тұлғалар. 2016 жылы – үйленген және тұрмыс құрған қарыз алушылар 48,5% көрсеткішпен азырақ белсенділік танытты.
2017 жылы бойдақтардың үлесі 39,8%-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7%-ға артық. Сондай-ақ, некедегі тұлғалар мен бойдақтардан басқа өзінің отбасылық мәртебесін «азаматтық неке”, «ажырасқан” және «тұл ер адам/жесір әйел” ретінде көрсеткен бірқатар қарыз алушылар бар. Зерттеуге сәйкес, некедегі клиенттер мен бойдақтардан кейін жалпы статистикада «ажырасқан” қарыз алушылар орын алады – клиенттер базасында 6,6%-ды құрайды. Бойдақтар мен ажырасқан тұлғалар арасында белсенділікте үлкен айырмашылық байқалады: ажырасқан қарыз алушылар бұрын неке құрмаған тұлғаларға қарағанда жалақыға дейін қарыздарды 6 есеге сирек рәсімдеген. Сонымен қатар, онлайн-несие беру сервисіне 1,55%-ды құрайтын «тұл ер адам/жесір әйел” отбасылық мәртебесіндегі тұлғалар мен 0,65%-ды құрайтын азаматтық некедегі тұлғалар бәрінен де сирек жүгінген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз