АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

89

0

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Нәтижесінде ең арзан өнімдерді аудандар мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
Қызылорда. «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде нан – 50, қант – 230, сары май – 450, өсімдік майы – 310, шай (250 грамм) – 560, жұмыртқа – 23, қарақұмық жармасы – 280, сиыр еті – 1280, тауық еті 630-670 теңгеден сатылуда.
«Анвар» сауда үйінде қант – 187, шай – 1300-1900, өсімдік майы – 279-350, макарон – 130-160, жұмыртқа – 24, қарақұмық жармасы – 169 теңге, күріш – 190, ас тұзы – 29 теңге.
«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 110-115, бас пияз – 70-75, сәбіз – 100-105, қырыққабат – 55-60, қызылша 120 теңгеден сатылуда.
Арал. Арал қаласындағы «Жаңа базарда» картоп – 110, бас пияз – 80-85, қырыққабат – 60, сәбіз – 95-100, қант – 210, қарақұмық – 200, «Алтай» базарының жанындағы жеке кәсіпкер Т.Исмайлованың дүкенінде қант – 220, қарақұмық жармасы – 210, өсімдік майы – 330, макарон – 115-125 теңгеден сатылуда.
Қазалы. «Фея перизат» сауда үйінде қант – 230, арпа жармасы – 100, қарақұмық жармасы – 250, өсімдік майы – 340, жұмыртқа – 22-24, пияз – 90, картоп – 130, сәбіз – 120, қырыққабат – 70 теңгеден сатылса, «Нұр-Дәулет» әлеуметтік дүкенінде күріш – 120-140, өсімдік майы – 330, қант – 240, «Пиала» шайы (250 гр) – 550, макарон өнімдері – 140, ұнтақ жармасы – 120, қарақұмық жармасы – 200, құс еті – 650, жұмыртқа – 22-24, картоп – 110, жуа – 100, сәбіз – 120, қырыққабат – 70, сары май 380-450 теңгеден саудаға шығарылуда.
Қармақшы. «Сұлтан» сауда орталығы, «Орда» көтерме сауда орталығы және «Жандос» дүкендерінде картоп – 120-130, сәбіз – 120, жуа – 90, қырыққабат – 80, жұмыртқа – 22-23, ұн 1 сорт – 94-96, нан – 60, тауық еті – 600, өсімдік майы – 310-380 теңгеден сатылуда. «Таңсықбай», «Бибінұр» базарларында картоп – 130, жуа – 100, сәбіз – 130, қырыққабат – 90 теңгеден сатылуда.
Жалағаш. «Бәйтерек», «Жібек» базарларында картоп – 120, сәбіз – 120, бас пияз – 90, ет – 1400, жұмыртқа – 20, қырыққабат – 75, «Ақниет», дүкенінде І сұрыпты бидай ұны – 80, нан – 45, жұмыртқа – 20, өсімдік майы – 325, бас пияз – 90, сәбіз – 120, картоп – 120, тауық еті – 600, қырыққабат – 70 теңге. «Әзиза» әлеуметтік дүкенінде ұн 1 сортты – 80, өсімдік майы – 320, картоп – 120 теңгеден сатылуда.
Сырдария. «Өркен» және «Серікбол» дүкендерінде нан – 50, өсімдік майы – 330-340, қант – 210, картоп – 120, сәбіз – 110, бас пияз – 75, қырыққабат – 65, тауық еті – 600-630, жұмыртқа – 24, «Бақытжан», «Нұр» дүкендерінде жұмыртқа – 24-25, өсімдік майы – 350, қант – 220 теңгеден сатылуда. «Коммуналдық» базарында нан – 50, өсімдік майы – 350, қант – 220, жұмыртқа – 23-25, бірінші сортты бидай ұны – 87 теңгеден тұтынушыға ұсынылуда.
Шиелі. «Ә.Шорабаев» базарында картоп – 100-130, бас пияз – 60-80, сәбіз – 80-110, қырыққабат – 50-80, өсімдік майы – 280-370, қант – 210-230, жұмыртқа – 20-23, тауық еті – 650-680, ет кг – 1400, тұз – 40 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны – 84-100 теңгеден сатылып жатыр.
Жаңақорған. «Нұр» базарында және «Мағжан», «Заңғар», «Сырдария», «Кәусар», «Нұрәділ» және «Нұрасыл» дүкендерінде ұн 1 сорт – 86-96, нан – 50-70, өсімдік майы – 310-380, картоп – 100-120, бас пияз – 65-75, сәбіз – 100-120, қырыққабат – 50-65, тауық еті – 570-670, жұмыртқа – 22-23, ет – 1400 теңгеден сатылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз