Қаржы игеруден екінші орында келеді

41

0

Қаржы игеруден екінші орында келедіШиелі. Аудан 2014 жылдың алғашқы айларында да облыста қаржы игеру бойынша алғашқы екінші орында келеді.
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов бұл мәлімдемені аймақтық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында айтты. Одан өзге хабарламада, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу және қарыздарды өтеу бойынша түзетілген жоспарлар 100 пайызға орындалған. Ауданның 2013 жылға арналған  бюджеттінің  жалпы кірісі 8 млрд. 178 млн. теңгеге нақтыланды, оның ішінде аудан бюджетінің өз кірісі 1 млрд. 541 млн.  теңгеге жоспарланып,  1 млрд 665 млн.  теңгеге  немесе 108,0 пайызға орындалды.Есепті мерзім ішінде жергілікті бюджет шығысы 7 млрд. 967 млн.  теңге болып 99,6 пайызға игерілді. 2014 жылға арналған аудандық бюджет  жалпы кірісі 8 млрд 991 млн теңге көлемінде бекітіліп, өткен жылмен салыстырғанда 110 пайызға артты. Оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі 1 млрд 872 млн теңге, өткен жылмен салыстырғанда  22 пайызға көбейтілді
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз