Қаржы институттары Жалағашта кәсіпкерлікті дамытпақ

45

0

Қаржы институттары Жалағашта кәсіпкерлікті дамытпақЖалағаш ауданындағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламаларды насихаттау және несие алу бағытындағы жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында кәсіпкерлік саласының мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске қаржы институттары және екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты. Бұл жөнінде Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлайды.
«Мемлекет тарапынан  қабылданған бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласында көптеген жұмыс жүргізілуде. «Агробизнес 2020», «Сыбаға» бағдарламалары аясында аудан шаруашылық құрылымдары егін алқаптары мен мал басын көбейтуде. «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы шеңберінде аудан тұрғындарына қызмет көрсететін «Жасұлан» 90 орындық жеке балабақша, «Ақжол» қонақ үйі, «Ай – Ару» техникалық қызмет көрсету орталығы және «Ақ – Селеу» 50 орындық қоғамдық моншасы т.б жаңа кәсіпкерлік нысандар ашылып, жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен әліде болса осы қабылданған бағдарламалардың жеңілдіктері аудан тұрғындарына өз деңгейінде насихатталмаған» – деп атап өтті аудан әкімі Т.Дүйсебаев мәжіліс барысында.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы туралы ақпарат беру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры Матаев Жансұлтан, кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қызметтер жөнінде Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абсаттаров Дінмұхамед баяндама жасады.
Сондай-ақ, «АгроНесиеКорпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы, «Қазақстан Республикасы стандарттау және сертификаттау институты» және екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалының басшылары салалары бойынша кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы кеңінен айтып берді.    

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз