Қаржыгерлер құрметке бөленген күн

72

0

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңге күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде аталатын бұл күн департамент қызметкерлеріне айрықша көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік салтанатқа республикалық қаржы, салық органдарының ардагері, қызылордалық салық саласының қалыптасу кезеңінің айтулы тұлғасы Дайрабай Ысқақұлы Ысқақов келіп, қызметкерлерді құттықтады.

Мұнан соң ардагер аға Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаевқа қаржы органдарында және Қаржы министрлігінің жүйесінде үлгілі және жемісті жұмысы үшін  «Қаржы қызметінің үздігі»  төсбелгісін тақты.

 Дәл осындай төсбелгімен Департаменттің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Әділбек Ерғалиұлы Бекішев марапатталды.

 Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен аудит басқармасының басшысы Нұрлыбек Өтегенұлы Тәукеевтің, Алғысымен Қызылорда қаласы бойынша басқарманың бас маманы  Ерлан Жұмабайұлы Арыновтың еңбегі еленді.

Бірқатар қызметкерлер Департаменттің Құрмет грамотасына ие болды.

Облыстың мемлекеттік кірістер органдары қаржыгерлер мерекесін лайықты табыстармен қарсы алып отыр. 2017 жылдың 9 айының қорытындысымен мемлекеттік бюджетке 72 млрд. 628 млн. теңгенің салықтары мен түсімдері өндіріліп, болжамды жоспар 113,2 пайызға орындалды. Азаматтардың өз кәсібін заңды жүргізуіне ықпал етіп, табыс табу мен салық төлеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы тынымсыз әрі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бюджет кірісінің қарқынын төмендетпей  қамтамасыз етіп отырған  сала мамандары бірнеше жыл қатарынан республикада алдыңғы қатарда келеді.  

Б.Орданова,

Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз