«Қаржылық сауаттылық апталығы» акциясы өтті

68

0

«Қаржылық сауаттылық апталығы» акциясы өтті«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы ұйымдастырған «Қаржылық сауаттылық апталығы» акциясы өз мәресіне жетті. Бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер үшін апта бойы шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталған бағдарламалар жөнінде ақпараттық семинарлар ұйымдастырылды.
Акцияға облыс орталығындағы«Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ВТББанк» АҚ ЕҰ, «АТФБанк» АҚ, «ЦеснаБанк» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ,  «ForteBank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБжәне «Еуразиялық Банк» АҚ аймақтық филиалдары қатысты. Барлық аталған банктер «Даму» Қорының «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру бойынша серіктестері болып табылады. ЕДБ мамандары кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беру механизмдері жөнінде толық баяндап берді. Қатысушыларға ұсынылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың аймақтық бағдарламасы, Өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарды қолдау, Азиялық Даму Банкінің шағын және орта бизнесті дамыту бойынша Инвестициялық бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасыаясында несие пайызын субсидиялау және кепілдендіру құралдарына таныстырылым жасалды. Банк мамандары несие өнімдерін таныстырып қана қоймай, сондай-ақ несие қаражаттарын тарту үшін жасалатын бизнес-жоспарлардың ерекшеліктері жөнінде де айтып өтті.
Кәсіпкерлік бағытта алғашқы қадам бастаған Стартапперлер үшін тәжірибенің аздығынан несиеге қол жеткізу қиындық туғызуда. Банк менеджерлері бұл мәселенің шешімі ретінде арнайы бастауыш кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізуіне қажетті маңызды нұсқаулармен бөлісті.ВТБ (Қазақстан) Банкінің Қызылордалық филиалы директорының орынбасары Дәурен Сейтжановтың сөзінше, кәсіпкерлер бизнеске енген сәттен бастап банкпен жұмыс жасауды үйренгені жөн және қаржы ұйымдары несиелендіруге үнемі ынталы болатындай бағалы клиент репутациясын қалыптастыруға тырысуы қажет.
– Бүгінгі таңда несиелендіруден бас тартудың басты себептерінің қатарында нашар несие тарихы, қанағаттанбайтын қаржылық жағдай немесе кепілдікпен қамтамасыз ете алмау секілді сұрақтар болып отыр. Соңғы мәселені «Даму» Қорының бөлшек кепілдендіру атты бірегей құралымен оң шешуге болады, ал теріс несие тарихына келсек, кәсіпкер банк алдындағы міндеттемесіне жауапкершілікпен қараған дұрыс, себебі болашақтағы қаржылық мүмкіндіктерін шектеуіне жол ашуы мүмкін, – деп өз ойымен бөлісті Дәурен Сейтжанов. 
«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының бас менеджері Анар Қожаниязованың сөзіншеҚаржылық сауаттылық апталығын ұйымдастырудың басты мақсаты кәсіпкерлер мен екінші деңгейлі банктер арасында тығыз қарым-қатынас орната отырып, бизнес пен банктыңөзара жаңа байланыс моделін қалыптастыру.Аталған іс-шараға қатыса отырып, кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарына тәжірибелі банк өкілдерінен түбегейлі әрі толық жауапалумен қатар, несие қаражатын алмастан бұрын егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу, мекеме мүмкіндіктерін сараптау мен қаржыны қажет етенін айналым көлемін анықтау, сондай-ақ қарыз қаражатын тиімді пайдалануды бағалау жөнінде жоспар құру арқылы жобаның табыстылығына көз жеткізген дұрыс деп кеңес берді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз