Аса сақ болыңыздар, балалар суға кетуде!

64

0

Балалардың суға кетуі туралы хабарды есту аса ауыр және өте қорқынышты. Егер қайғылы жағдай олардың жанында ересектер бола отырып орын алса, онда оны сезіну екі есе қиын. Жыл басынан бері Қызылорда облысында үш адам суға кеткен, оның ішінде біреуі Жаңақорған ауданының орта мектеп бітіруші түлегі.
Сонымен бірге, 2017 жылдың 11 мамырында Арал қаласындағы Аманөткел ауылдық округінде бақытсыз жағдай орын алды. Үш бала  су тұндырғыштың жанында ойнап жүріп, тереңдігі 1 метр болатын суға құлап кетеді. Жеті жасар бала өзі шығып, көмекке үлкендерді шақырады. Алайда, өкінішке орай балаларды құтқару мүмкін болмады. Бұл еліміздегі бір ғана жағдай емес. 2017 жылдың 8 мамырында Алматы облысындағы отбасы үш бірдей баласынан айырылып қалды. Олардың үлкен баласы бес жаста, ең кішісі екі жасқа жетер-жетпесте еді. Сол күні Ескелді ауданындағы Теректі өзеніне екі қыз бала суға кетті. Олардың жасы небары 12 –де ғана болған. 
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар Департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін және сақ болуға шақырады.
         Бақытсыз жағдайларға жол бермес үшін суда жүзуді үйрену керек! Мас күйінде және суға түсуге болмайтын жерге суға түсуге болмайды!  Суда «қауіпті» ойын ойнамаңыз (су астына сүңгу, аяқтан ұстау)! Балалардың суда қауіпсіз болуын үйретіңіз! Су тоғандары жағасында демалып отырғанда да,  кішкентай балаларды үнемі назардан тыс қалдырмаңыз!
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері суға түсу маусымы басталысымен орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларды қатыстыра отырып, алғашқы көмек көрсету жөнінде тәжірибелік сабақтар, судағы қауіпсіздікті сақтау жөнінде оқыту семинарлары мен акцияларды ұйымдастырып келеді. Оған қоса демалып жатқан адамдардарды тарта отырып, судағы қауіпсіздікті сақтау туралы әңгімелер ұйымдастырылуда. 
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті тағы да  балалардың судың жағасында болғанда олардың жанында ересек азаматтардың болуын, негізгі қауіпсіздік ережелерін білуді және орындауды, оларға аса сақ болуды өтініп сұрайды.   

Қызылорда облысы 
Төтенше жағдайлар департаменті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз