«Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы жалғасын табуда

46

0

«Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы жалғасын табудаОблыстық ассамблея хатшылығы, Қоғамдық келісім
орталығы және облыстық саясаткер-әйелдер Клубының ұйымдастыруымен 2015
жылдың 5 сәуірінде Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығында
(Жастар үйі) «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы өткізілді. Бұл
туралы хатшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жастар үйі» 16-29 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға арналған.

Жүрек жылуын сыйлаған кездесуге «Славяне»
этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г. Щербакова, саясаткер әйелдер
клубының белсенді мүшелері «Сенім» емханасының басшысы Ж.Аяпова, ТОО
«Асар М» директорының орынбасары Г.Айтбаева, Қазақстан халқы облыстық
ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Н.Жұмаділдаевалар
қатысып, жастарға аналық мейірімдерін көрсетті.

Кездесудің ерекшелігі «Жастар үйінің»
тәрбиеленушісі Гүлнұр Серікболдың өз бақытын тауып, үлкен өмірге қадам
баспақшы болғандығында. Сонымен бірге Жан Әбілдаев атты тәрбиеленуші де
өз қалауын тауып, отбасын құру ниетін білдірген. Осыған орай қайырымды
жандар тарапынан бұл екі жасқа теледидар, ыдыс-аяқ, қыз жасауына қажетті
және тағы басқа тұрмыстық заттарын, қаржылай сыйлықтарын табыстады.
Сондай-ақ, қонақтар тәрбиеленушілерге арнайы әзірлеген тәттілер мен
әдеби кітаптар тарту етті. Ана мейірімділігін сезінген жастар қонақтарға
өз ризашылықтарын білдіріп, оларға әсем ән мен тәтті күйлерін тарту
етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз