Асқар Мырзахметов Қызылорда облысында іс-сапармен болды

92

0

Асқар Мырзахметов Қызылорда облысында іс-сапармен болды2 шілдеде Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар
Мырзахметов Қызылорда облысына жұмыс сапармен келіп, Жер реформасы
жөніндегі республикалық комиссияның отырысына қатысты. 
Комиссия
отырысы Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов
атындағы ауылда өтті. Бес сағатқа созылған жиналыста аймақтағы қоғам
белсенділері, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының
иелері, дихандар сөз алып, пікірлерін ортаға салды. Жалпы бүгінгі жиын
барысында сөз сөйлеп, пікір білдірем дегендерге шектеу болған жоқ.
Отырысқа қатысқандар ғана емес, сонымен қатар барлық аудандар селектор
арқылы тікелей байланысқа қосылып, өз пікірлерін айтты.
Комиссия
отырысында сөз алған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келесі аптада
қызылордалық 6 мың 600 азаматқа жер телімі табысталатынын мәлімдеді. 
2013
жылы Қызылорда-Жезқазған тасжолының бойынан жаңа шағын ауданға 980
гектар жер бөлінген болатын. Ал биыл осы жобаға 9,9 млрд теңге бөлу
туралы шешім қабылданған. Қысқа дейін бұл қаржыға 75 шақырым жол
төселіп, 353,1 шақырым су құбыры, 112 шақырым газ құбыры мен 152 шақырым
электр желісі тартылмақ және подстанция салынады. Осылайша, күні
бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған 49 мыңнан астам тұрғынның саны
едәуір азайғалы тұр. 

Жаңа мөлтекауданда 36 мың халық тұратын болады. Бұл өте жақсы жетістік
деп ойлаймын. Біз өйткені бұрындары Қызылордада жер телімдерін бұлай
шешпегеннен кейін, тұрғындар кезінде әртүрлі жағдаймен жер телімдерін
алып, үйін салады, сосын сергелдеңге түседі – газы жоқ, суы жоқ, электр
қуаты жоқ, жолы жоқ, байланысы жоқ. Мұның бәрі енді кешенді шешімін
тауып отыр,- деді облыс әкімі.
Жиналыстан
кейін вице-премьер облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге аймақтағы
бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралап көрді.
Вице-премьер
бастаған делегация алдымен облыс орталығындағы «Жан-Арай» кешенінің
жұмысымен танысты. Аталған өндіріс орнында мысалға халықаралық
стандартқа сай күріш ақтау және  құрама жем өңдеу жұмыстары үздіксіз
жұмыс істеп тұр. Қазірдің өзінде жем зауыты тек облыс шаруашылықтарын
ғана емес басқа да өңірлерді құрама жеммен қамтамасыз етуде.
Асқар
Мырзахметов  Қызылорда су торабының жағдайымен танысып, облыс әкімі
Қырымбек Көшербаевпен Солтүстік Арал жобасының екінші кезеңін іске асыру
және суармалы жер мәселелерін талқылады. 
Қызылордадағы су торабы 60 жыл бұрын (1956 ж.) салынған. Нысан күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл кезек күттірмейтін мәселе.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз