Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті

259

0

Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өттіҚызылордада Асқар Тоқмағамбетов
атындағы мәдениет үйінің іргетасы 1959 жылы қаланған. Мәдениет ошағын
күрделі жөндеуден өткізуге 106 миллион теңге қаржы жұмсалды.

Бұл
ғимаратта қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, клубтар және
халықтық ұжымдар, облыстық филармония, 6 ұлттық-мәдени орталықтар
орналасқан.

Қайта
жаңғыртылған ғимараттың жұмысымен танысқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев
өнер ұжымдарының жұмысына табыс тілеп, Жаңа мерекесімен құттықтады, деп
хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ғимараттың сырты «травертин» әк тәрізді құрылыс
затымен қапталып, ұлттық нақышта безендірілген. Көрермен залының
орындықтары ауыстырылып, үйірмелерге арналған бөлмелер жаңартылған.
Жалпы, өнер иелерінің шығармашылықпен айналысуына бар жағдай жасалған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз