Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға шақырылды

50

0

Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға шақырылдыФутболдан Қазақстан құрамасы 7 маусым күні жолдастық кездесу өткізеді. Бұл жолы қазақстандық футболшылар  Будапешт қаласында Венгрия құрамасымен шеберлік байқасады. Ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Красножан сол ойынға қатысуға мүмкіндік алатын 40 футболшыны Алматы облысының Талғар қаласындағы оқу-жаттығу жиынына шақырды. Олардың қатарында «Қайсар» командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазіргі таңда «Ақтөбенің» намысын қорғап жүрген Асхат Тағыбергенді де шақырған. 
Оқу-жаттығу жиыны 2-5 маусым аралығында жүргізіледі. Содан кейін ұлттық құрамаға енген футболшылар Венгрияға аттанып, сонда бір күні жаттығу өткізеді. Венгриямен ойында жасыл алаңға шығуы әбден мүмкін футболшылар кімдер? Назар аударыңыз: 
қақпашылар – Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Петухов («Тобыл», Қостанай), Александр Мокин, Стас Покатилов (екеуі де – «Шахтер», Қарағанды), Вячеслав Котляр («Ертіс», Павлодар);
қорғаушылар – Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы», Шымкент), Ермек Қуантаев, Александр Кислицын (екеуі де – «Қайрат», Алматы), Дмитрий Шомко, Виктор Дмитренко (екеуі де – «Астана»), Юрий Логвиненко, Алексей Мулдаров, Дмитрий Мирошниченко (бәрі де – «Ақтөбе»), Константин Энгель («Ингольштадт 04», Германия), Ренат Абдулин («Атырау»), Захар Коробов («Ертіс»), Сергей Малый («Шахтер»);
жартылай қорғаушылар – Қайрат Нұрдәулетов, Бауыржан Жолшиев (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Исламхан, Аслан Дарабаев (екеуі де – «Қайрат»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Асхат Тағыберген, Марат Хайруллин, Павел Шабалин, Валерий Коробкин (бәрі де – «Ақтөбе»), Ұлан Қонысбаев, Роман Муртазаев, Станислав Лунин (бәрі де – «Шахтер»), Андрей Карпович («Атырау»), Анатолий Богданов («Тобыл»);
шабуылшылар – Таңат Нөсербаев («Астана»), Тоқтар Жаңғылышбай, Андрей Финонченко (екеуі де – «Шахтер»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша), Алексей Щеткин («Тараз»).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз