Қазалыда «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Достар алаңы» еріктілер клубының ұйымдастыруымен «OPEN AIR ашық аспан астындағы шоу-концерт өтті. Ерікті жастар үйірмелерінің жұмысын жандандыру, талантты жастарға қолдау көрсетуді мақсат еткен шараға қатысушылар қатары көп болды.
Концерттік бағдарламада жастар өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға кеңесшісі Рахметулла Әбен аудан жастарын өткен Астана мерекесімен құттықтап, жас өрендерге табыс тіледі.
Өнерімен өрге озғандарды дипломдармен марапаттады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!