Аңшы мылтықсыз қалды

247

0

Аңшы мылтықсыз қалдыАңшы мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді, деп хабарлайды Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің «Құқық тәртібі» іс-шарасы кезінде Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны Е.-ның автокөлігін тексеру кезінде, автокөліктің жүк салғышында 16 калибрлі 2 ұңғылы №15904 санды аңшы мылтығы табылған. Аталған аңшы мылтығы құқық бұзушы Р.-ныкы екендігі анықталып, құқық бұзушы Р. аңшы мылтығын ішкі істер органының рұқсатынсыз сақтап жүргені анықталды. Яғни құқық бұзушы Р. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 368-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы әрекетін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін білдірген.

Сот, іс-құжаттарын зерттеп, құқық бұзушының түсінігін, прокурордың айыппұл салу туралы пікірін тыңдап, Р.-ның әрекетінің сипаты мен дәрежесін саралап, оған әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолдануға жатады деп есептеп, ҚР ӘҚБтК-нің 368 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, 9 260 теңге айыппұл салып, аңшы мылтығын мемлекет пайдасына тәркіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз