
Концерттік бағдарлама аудан өнерпаздары «Қорқыт баба” әнімен түріліп, жұртшылықтың жылы ықыласына бөленді. Одан кейінгі кезекте Бидас Рүстембеков, Болат Баймұратов, Айгерім Ешбаева, Балтабай Бедебаев, Серік Жақсығұлов жырдан шашу шашса, «Ақмарал” бишілер тобы «Қазақ биін” тарту етті. Сондай-ақ, Ж.Дәулетов «Киелі ел”, О.Өткелбаев пен М.Бағатов «Киелі мекен – Қармақшы” және өзге де әндер елдің назарына ұсынылды. Өнер кешін тамашалаған көпшілік оларға жоғары бағасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!