Астанада Еуропалық кинофестивалі басталды

45

0

Астанада Еуропалық кинофестивалі басталды14-16 маусым аралығында Астанада Қазақстанда Еуропа күнін атап өту аясында Еуропа кинофестивалі өтуде. Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің үздік кинофильмдері ұсынылады. Фестиваль бағдарламасына Чехия, Австрия, Швеция, Эстония, Испания, Словения, Германия, Франция, Нидерланды, Литва, Румыния, Словакия жəне Латвия елдерінде түсірілген 13 фильм кірді.
Кино туындылары арасында əртүрлі жанрдағы кино саласындағы халықаралық марапаттардың жүлдегерлері мен үміткерлері бар, атап айтқанда, 1987 жылғы «Оскар» сыйлығының үздік шетелдік фильм аталымына үміткер – «Деревенька моя центральная» фильмі (Чехия), Еуропа киноакадемиясының жүлдегері, 10 «Гойя» сыйлығының иегері – «Миниатюрный остров» (Испания) фильмі, Румыния кинематографистер одағы сыйлығының иегері – «Обезглавленный петух» фильмі жəне көптеген басқалары.
14 маусым күні фестиваль ашылуында көрермендерге Финляндия, Эстония мен Германия бірігіп түсірген «Фехтовальщик» фильмі көрсетіледі. 2015 жылы аталмыш фильм «Алтын глобус» сыйлығының шетел тіліндегі үздік фильм аталымына ұсынылды, ал 2016 жылы Финляндияның ұлттық «Юсси» киножүлдесінің 2015 жылғы үздік фильмі атағын иеленді
Шараның ашылу салтанатына Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы, Елші Траян Христеа, Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Илкка Рэйсанен жəне Эстонияның Уақытша сенімді өкілі Питер Миллер қатысады.
«Біздің жыл сайын ұйымдастырылатын еуропалық кинофестивальдеріміз – Еуроодақтың «бірлік – саналуандылықта» ұранының көрінісі. Фестиваль бағдарламасында əртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылған – көкейтесті, өмірдегі ең маңызды мəселелерді қозғайтын, əрі, ең бастысы, қызықты туындылар. Еуропалық кино ондағы əсерлі, өзіндік ерекшеліктерге толы оқиға желісімен жəне баяндалатын оқиғалардың өзектілігімен өзгеше. Кинофестиваль, игі дəстүрге айнала отырып, Қазақстандағы Еуропа күнін атап өту шарасының керемет аяқталуына мұрындық болатынына, сонымен бірге, еуропалық болмыс əлеміне саяхаттауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Елші Траян Христеа.
Фестивальдің қорытынды күні, 16 маусымда, қазақстандық режиссер Катерина Суворованың «Завтра море» фильмінің көрсетілімі, сондай-ақ, режиссердің көрермендермен кездесуі өтеді. «Завтра море» деректі фильмі бұрынғы Арал теңізі жағалауы тұрғындарының өмірі туралы баяндайды. Фильм Роберт Бош атындағы неміс қоры тағайындайтын грант жүлдегері болып табылады. Фильмнің тұсаукесері 2016 жылы тамызда Локарно кинофестивалінде өткен болатын.
Фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Кіру тегін.
Кинофестивальдің толық бағдарламасы Қазақстандағы Еуроодақтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған – @euinkz

Анықтама

Еуропа күні — Еуропалық одақ елдерінде жыл сайын өтетін бейбітшілік пен бірліктің мерекесі. Еуропа күні 9 мамырда аталып өтеді. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ – бұл 28 мемлекеттің экономикалық жəне саяси бірлестігі. Еуропа күні мерекесі Еуроодақтың туы, əнұраны жəне бірыңғай валютасы-еуромен бірге Еуроодақтың бөлінбес нышандарының бірі болып табылады.
Биылғы мерейтой жылында Еуропа өткенді мақтан тұтып, болашаққа үміт артады. 60 жыл барысында бейбіт ынтымақтастық, құрмет, еркіндік, демократия, теңдік жəне еуропалық елдер мен халықтар арасындағы ынтымақтастыққа атсалысушы Одақ құрылды. Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтың шеңберінде де ЕО саяси жəне экономикалық ынтымақтастықты дамыту, институционалдық реформаларды ілгерілетуді жалғастыруға ниетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз