
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана қаласындағы Есіл ауданына қарасты Сауран көшесі 7-үйде орналасқан ХҚКО бұдан былай таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін қызмет көрсетпек.
«Бұдан бұрын айтылғандай, «Азаматтарға арналған үкімет» қанатқақты жобасын іске қосты. Осыған сай енді Астанадағы Сауран 7 мекенжайындағы ХҚКО таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Мұның қаншалықты тиімді болары 2 ай бойы бақыланбақ. Егер келушілер қатары артатын болса, осындай ХҚКО-ларды Алматыда, сонымен қатар еліміздің басқа өңірлерінде де ашу қарастырылады» – деді Министр.
Естеріңізде болса, бұған дейін ХҚКО жұмысы түн ортасына дейін ұзартылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!