Астанада оқитын студенттерді ауылды өркендетуге шақырды

42

0

Астанада оқитын студенттерді ауылды өркендетуге шақырдыҚармақшы. Аудан басшылығы Астана қаласындағы Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде білім алып жатқан қармақшылық студент жастармен кездесті. 
«Киелі мекен түлектері – Елордада» атты кездесу кешінде болашақ мамандарға оқу орнын бітірісімен туған жерге оралып, алтын бесік – ауылды өркендету ісіне атсалысуды ұсынылды. Өңірде атқарылып жатқан ілкімді жобалар туралы жастарға таныстырылды. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризмді дамыту бағытындағы жоспарларды жүзеге асыруға білікті де білімді жас мамандар қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ, аудан басшылығы жастарды «Дипломмен – ауылға», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жұмыс жасауға шақырды. Сонымен бірге, аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен көп балалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан студент жастарға қаржылай қолдау көрсетілді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз